Колледж жаңалықтары

31. 10. 2018. Преподаватели кафедры педагогики и психологии Рахметова М.В. совместно  с преподавателем СарсенгалиевойА.Б.  провели студенческую  педагогическую олимпиаду  «Педагогические ориентиры современности»  со студентами 4-го курса. Цель олимпиады- поддержка авторитета педагогической профессии.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығында оқитын 3бКШМ тобының студенттері ағымдағы жылдың 27-30 қазан аралығында Астана қаласында ұйымдастырылған V-ші Халықаралық шығармашылық «Музыкалық от шашу» конкурс фестивалінде жүлделі «Бас жүлде» иегерлері атанды. Өнерлі қыздарымызды колледж атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!!!

30 қазан күні колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3,4 курс студенттеріне арналған «Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің мәселелері» – әдістемелік нұсқаулық семинар ұйымдастырылды. Семинарды «педагогика, психология» кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Т.У.Маденова өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жаңалықтарымен таныстыру мақсатында №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі, 2017-2018 оқу жылының түлегі Маусымжан Жұмабайқызы Иманбаева, Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталық ІІ санатты  тәрбиешісі Ұлжан Серікқалиқызы Қуантаева, қатысып, таныстырды. 

Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы жанындағы «Мирас» клубы Қ.Р. Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауына талдау бағытында  шара өткізді. Шараға «Мирас» клубының мүшелері және кафедра оқытушылары қатысты. Шара барысында студенттерге жолдаудың басым бағыттары туралы ақпараттармен таныстырылды. Елбасының жолдауы  мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған.

FaLang translation system by Faboba