Колледж жаңалықтары

14 наурыз күні амал мерекесіне орай колледж белсенділері "Амал келді, жыл келді" көрісу акциясын ұйымдастырды.

12.03 күні  Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің Дене тәрбиесі мамандығының 1 курс студенттері топ жетекшісі Нагимова  Лаура Айқынқызымен бірге Некрасова-35 мекенжайында тұратын 88 жастағы жалғыз қария Шакенова Нәсіпханым әженің ауласын су басып, үйдің ішіне  тамшы ағып кеткендіктен тазарту үшін көмек қолын созып, барып келді. Студенттерге риза болған әже батасын берді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай колледжімізде “Колледж аруы 2019” байқауы оздырылды. Байқауда 1 – 3 курс арулары бақ сынады.

05.03 күні «Назерке» клубының жетекшісі Л.А.Нагимова клуб мүшелерінің қатысуымен «Бұрымды қыз» сайысын Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік – әдемілігімен, сұлулығына тәнті болу мақсатында ұйымдастырды.

1 наурыз құлпырған көктеммен қатарласа Қазақстанда алғыс айту күні мерекесі келеді. Алғыс айту күнін елбасымыз 2016 жылы Қазақстанның ұлттарының алғыс айту күні етіп бекіткен болатын.

26.02 күні, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Л.А Нагимова мен Д.К.Гумарова № 20 ЖОББМ барып, «Мамандығым өмір жолым» атты тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ұ.Б.Тлегенова, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мунира Тулеугалиевамен жүздесіп, кәсіби-бағдар беру жұмысының мақсаты, маңызы туралы кеңесті.

FaLang translation system by Faboba