Колледж жаңалықтары

22 мамыр күні педагогика, психология кафедрасының оқытушысы А.Б.Сарсенгалиева Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың ерекшілігі» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар-практикумға баяндамасымен қатысып, сертификат иеленді. 

Музыка кафедрасының оқытушысы А.Р.Идрисова «Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту» атты балабақша тәрбиешілеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік  семинарына қатысып, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

17 мамыр күні Орал қаласының «Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжінде «Жол картасы 2018 педагог кадрлардың шетелде біліктілігін арттыру іс-тәжірибесін тарату» қалалық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына колледж директорының ОІ жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жоңқарбаева мен арнайы пән оқытушысы А.Б.Сарсенгалиевалар қатысып келді.

14-16 мамыр аралығында «Евразия» туристік лагері базасында облыстық «Айбын» спорттық, әскери-патриоттық жиыны оздырылды. Жиынға 6 аудан, 3 қалалық колледж оқу орындары атсалысты. Жиынның негізгі мақсаты Қарағанды облысы «Спаск» полигонында өтетеін Республикалық «Айбын» жиынына команда жасақтау болып табылады. Жарыс 10 турдан тұрды. Нәтижесінде ең үздік 10 ұл, 5 қыз бала іріктеліп алынды.

FaLang translation system by Faboba