Колледж жаңалықтары

3б КШК тобы Қазақ драма театрында өткен ақын, педагог-тәлімгер Талап Таймасұлының «Дөңгеленген дүние» атты пэззия кешін көруге барды. Кеште ақынның өлеңдері оқылды. Ақын сөзіне жазылған әндер орындалды. Кештің мақсаты - ақынның шығармашылық бейнесі: сөз өнерін зерттеген ғалымдығы, көпшілікті аузына қаратқан шешендігі, педагогика тәлімін игерген әдіскерлігі, қоңыр даусымен термелеген жыраулығы, ақындығы және рухты жырлары мен отты өлеңдерінхалыққа, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, таныту.

«Өмір сыры» және «Дөңгеленген дүние» қойылымымен басталып, ақынның әндері мен толғаулары шырқалып, өлеңдері оқылады. «Жанардағы жарық күн», «Ақиқат айнасы» өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

Ақтөбе қаласынан әнші-композитор Жандарбек Назаров, әнші Қуаныш Кенжаев, «Ақберен» жас ақындар мектебінің ақындары және облысымыздың әншілері өнер көрсетеді. Кештің соңы құттықтау және ақынға сый-құрмет көрсетті.

Ақынның  кешіне арнайы шақырулы қонақтар, ақын-жазушылар, Батыс Қазақстан  гуманитарлық академиясы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, облыстық өлкетану мұражайы қызметкерлері және Қаратөбе ауданы әкімшілігі,  жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. 

 

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін Наурыз мерекесіне арналған шара болды. Шараның мақсаты: студенттердің ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып саласынан білімін кеңейту, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу болып табылады. Шараны саз кафедрасының оқытушылары мен  студенттерінен  құралған домбырашылар «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерімен  ашты. Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына арналған «Сұлтандар кеңесі» көрінісі сахналанды. Сонымен қатар, «Ассамбляның 20 жылдығы»  шарада  орындалған түрлі ұлттың әндері мен билерінен көрініс тапты.   Атап айтар болсақ,  4б КШМ  тобының студенттері «Украина» әнін, 3б КШМ  тобының студенті Меңдығалиева Бибінұр  қырғыз әні «Ахау, керімді» нақышына келтіріп, әдемі орындады. Халқымыздың салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары да назардан тыс қалмады. Шараға колледждің атқарушы директоры И.К. Кальченко бастаған ұстаздар қауымы қатысып, құттықтау сөз айтты. Мереке соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.

Қалалық М.Горький атындағы кітапхана 1 б КШК Тобымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған, Ассамблея өкілдерімен кездесу болып өтті. Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Кездесу барысында өзге ұлт өкілдерінің әні шырқалып, биі биленді. Кеш соңында келген қонақтарға бауырсақ, наурыз көже таратылды.

 

«Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында бірнеше облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты жыр кітаптарының авторы, ақын Дариға Ғазезқызымен кездесу болып өтті.

Кеш барысында Дариға Мұштанова өнегелі ой-пікірлерімен қатар, жастардың көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап айтып, сиясы кеппеген жыр шумақтарымен де бөлісті. Сондай-ақ, ақын Дариға Ғазезқызы жастардың тосыннан қойылған тапсырмаларын орындады. 17 жасынан айтысқа қатысқан ақын апамыз бүгінгі айтыс өнеріне деген өз көзқарасын білдірді. Мұқағали, Қадыр, Фариза, Ақұштап сынды ақындардың жолын қуып келе жатырған жас ақындарды көріп, әрдайым оларға қолдау көрсететінін жеткізді. 

Мәні мен мағынасы келіскен кездесу соңында ақын апамыз 

«Әдемі әдеби орта, 

Айтпаймын өлеңді жорта.

Осындай ықыласты кештер,

Жиі-жиі болса...» деген жыр жолдарымен қорытынды сөзін айтып, жиналған жастарға өз қолтаңбасымен кітаптар табыс етті.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен әпке-сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде елеулі рөл атқарып келеді.Сонау соғыс жылдары да етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған ардагер әжелеріміз аз емес. Осы орайда "Нұр Отан" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында жасотандықтар Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматшаларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап барып, жағдайларымен танысты.

«Жас Отан» Жастар қанаты белсенді жастарының ұйымдастыруымен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын қолдау мақсатында «Мен 18-демін, мен дауыс беремін!» атты флешмоб өткізілді. Бұл флешмобқа 300-ден астам қала тұрғындары қатысты. Н.Островский атындағы драма театр алдында қойылған арнайы баннерға қала тұрғындары селфи жасап, сайлауға қатысты өз ойларын жазып, қолтаңбаларын қалдырды. Алаңға жиналған қала тұрғындарына «Мастер Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігінің бишілері келіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді жастар қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырып,олармен естелік суретке түсті. Бұл фотосуреттер Вконтакте, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #ЖасСайлау 2015 хэш тегімен жарияланды.  

 

FaLang translation system by Faboba