Колледж жаңалықтары

ЭКСПО 2017 - энергия будущего

24.10  күні  кафедра  оқытушылары  Батыргалиева  А.Б.  1  курс  студенттеріне  «ЭКСПО  2017  -  энергия  будущего» атты  танымдық  кеш  өткізді.  Мақсаты  студенттерге  ЭКСПО  2017  -  ні  түсіндіріп,  насихаттау.  Шара  барысында  студенттерге  бейне  фильм  көрсетілді,  ЭКСПО  2017  туралы  ақпарат  және  ЭКСПОның  шығу  тарихы  туралы  мәліметтер  берілді.

Посещение аудиторий, лабораторий, мини-центра координатором агенства НКАОКО

               

2013 жылдың 18-ші қаңтарында  музыка кафедрасының жоғарғы санатты оқытушысы Утешқалиев  Серик Атокұлы     «Шапағат» медициналық- санитарлық орталығының шақыруымен,  колледж түлектерінің жұмысын қадағалау  және әдістемелік көмек беру бағытында семинар- кеңес өткізді. Колледжіміздің түлектері әдіскердің оқыған семитнарын зейін қойып тыңдап, өздеріне қажетті мағмұлат алды деуге болады. Семинар соңында колледжіміздің түлектері өз ризашылықтырын білдірді.

Ұжыммен жұмыс

2013жылдың 8 ақпан күні оқытушы М.С.Нұрмұқашева жетекшілік ететін 2бКДО тобы және сабақ беретін 3 бКДО топтарымен бірге «Имандылық- инабаттылық мұраты» атты ашық шараны Ж.С.Бексариевамен бірге ұйымдастырды. Шара барысында Қазақстанды емес бүкіл әлемді толғандырған экстремизм,діни ағымдары мәселесі туралы оқушыларға сауаттылық әңгімелер,фильмдер, слайдтар, жағдаяттар жүргізіліп,қатысушылармен пікір алысу, сұхбаттасу жүргізілді.Шараға БҚО Дін істері департаментінің маманы Ақылтаев Ернар Орынбасарұлы, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.В.Лоскутова, оқытушылар Ж.С.Бексариева, Б.М.Куспанова, Р.С.Джакупова, колледжінің жастар ісі жөніндегі маманы А.Ә. Жұмашева және 2бКДО,3бКДО және 1бКДО,1бКШК топ студенттері қатысты.
Студенттер өздерін қинап жүрген сұрақтарын қойды. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызыметтері арнайы сот шешімдерімен заңсыз деп танылған діни ұйымдардың тізімі жасалған кестені слайд арқылы тамашалады.

Сонымен бірге 2б КДО тобы студенттері Дәулетова Айгерім, Жұмабек Сәнім экстремизм туралы ойларын айтты, жағдайаттарға жауап берді. Оқытушы Ж.С.Бексариева А.Құнанбаевтың «Он үшінші қара сөзін» және 3б КДО тобы студенттері Хадис-Пайғанбарымыздың өсиет сөздерінен үзінді оқыды.

 

Қазақ тілі оқытушысы Нұрмұқашева М.С.

 


 

FaLang translation system by Faboba