Колледж жаңалықтары

24 қыркүйек күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 4б ҚМҚ топ студенттері өңірлік «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» атты өткен жастар форумына қатысты. Іс-шараға ауданымыздың түрлі салаларында жетістікке жеткен ең белсенді деген 360 -тан аса жас қатысты. Олардың ішінде жас кәсіпкерлер, танымал спортшылар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушылары және БАҚ өкілдері болды. Форумда аудан белсенділері сөз сөйлеп, өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Жастар аудан әкіміне өз ұсыныстарын жолдап, алғыстары мен сыйлақтарын ұсынды.

Еліміздің Елбасы «Қазақстан – 2050 стратегиясындағы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады. Осы мақсатта 21 қыркүйек күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымы мен 1-4 курс студенттерінің арасында «Дене тәрбиесі» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Біз қозғалыс үшін жаратылғанбыз» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2019» ұйымдастырылды.

20 қыркүйек Теректі ауданы күніне орай өткізілген марафонда әйелдер арасында 1аРШФ тобының студенті Шаутенова Асия- I орын және 3б КШФ тобының студенті Ғалымжанов Ельдос - I орынға ие болды.

2019 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы, Қарқалы қаласында спорттық бағдарлаудан ҚР чемпионаты оздырылды. Чемпионатқа қатысушылар 14, 16, 18, 20, 21Е, 45 жас аралығында ерлер және әйелдер арасында сыңға түсті . Чемпионат бағдарламасы спринт, орта, ұзақ және командалық эстафета кезеңдерінен қамтыды. БҚО командасы (12 спортшы) қашықтардан жақсы нәтиже көрсеткіштермен өтті. 1аКШФ тобының студенті команда мүшесі Серіков Ерасыл 14 жас ұлдар арасында III – орын, және командалық эстафетада 14 жастағылар арасында – I орын.

11 қыркүйек күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері және қазақ, орыс тілі кафедрасының оқытушысы Л.А. Нагимова «Орал көненің көзіндей-тарихтың өзіндей» библиокеруен «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында тарихи-танымдық сағатына қатысып келді.

11.09.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры төрағасының орынбасары Кунеев Мусаның және «Ақжайық» еріктілерінің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттеріне арналған еріктілер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Жиынның мақсаты: Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету. Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру.

FaLang translation system by Faboba