Колледж жаңалықтары

20 қараша  күні Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен  білім беру саласында қосқан үлестері үшін Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ҚҰРМЕТ грамотасымен, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина алғыс хатпен марапатталды. 

17 қараша күні №42 «Ақниет» гимназиясында Алматы менеджмент университетінің профессоры Қожахметов Асылбек Базарбайұлы «Менеджер – көшбасшы: басқарушы қөзқарасы» тақырыбында лекторий өткізді. Лекторийдің мақсаты қазіргі ЖОО - ы, колледждер, мектептердегі білім мазмұнының жаңаруына орай, қоғам талап еткендей мамандар даярлау мәселесіне тоқталды.

14 қараша күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4б КДО, 4б РДО топ студенттерінің арасында «Жас тәрбиеші» үйірмесінің жетекшісі А.Б.Сарсенгалиева және оқытушы Т.У.Маденова «Тәрбиешінің  шеберлік әлемі» атты сайысын өткізді. Сайыс барысында топтар бес топқа бөлініп, әртүрлі кезеңдер бойынша тапсырмаларын орындады. Студенттер топтарын бірінші кезеңде өлең жолдары, өлең айту, тақпақ айту арқылы таныстырып өтсе, әрі қарай «педагогикалық экспромт» бөлімінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Елбасымыздың мақаласын болашақта жүзеге асуы жөнінде постер қорғады. 

13 қараша күні Х.Бөкеева атындағы облыстық  қазақ драма театрында «Жәннат» атты театрландырылған қойылымына Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері  сағ 15.00де  1-2 курс 100 студент, сағ 17.30 дағы қойылымға  3-4 курс 110 студент және колледж оқытушылары қатысты. Қойылым өте жоғары деңгейде қойылды.Студенттер қойылымнан керемет әсер алды.

FaLang translation system by Faboba