Колледж жаңалықтары

Ақпан айында 2аКДО студенттерімен  БҚ медициналық  колледжінің  № 25-мейірбике  топ студенттері араcында «ЖРВИ дың алдын алу шаралары» тақырыбында ымдық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: ЖРВИ  жұқпалы ауруының алдын-алу,және ЖРВИ ауруының  қауіпті екені туралы түсіндіру.

Ұйымдастырушылар ЖРВИ ауруының  белгілері туралы,және қалай сақтануға  болатыны туралы көптеген ақпарат берді.Сонымен қатар  студенттерге ЖРВИ ауруына қатысты сауалнама өткізді. Қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Біз ЖРВИ ауруының алдын-алу туралы көптеген ақпарат  алдық.

 

(Ақын Дариға Мұштановамен кездесу)

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Г.Н. Тасқалиева және 3б КШК тобының студенттері 19 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының «Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында бірнеше облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты кітаптардың авторы, ақын Дариға Ғазезқызымен кездесуге барды. Кездесуді топ студенті Амиров Ислам жүргізді. Кеш барысында ақын апамыз тәрбиесі мол әңгімелерімен қатар, жастардың көкейкесті сұрақтарына ұтымды жауап берді.  Студенттердің құрастырған тапсырмаларын орындаумен қатар, қазіргі айтыстың қарқынын, оның ішінде облысымыздағы ақындарды рухани қолдау керектігін де атап өтті. Кеш соңын: «Әдемі әдеби орта, Айтпаймын өлеңді жорта. Осындай ықыласты кештер, Жиі-жиі болса..» деп шын ниетімен түйіндеді. Топ студенттері Набиғалиев Мұратхан мен Ізмұханова Гүлназға  ұнамды сұрақтары үшін кітап табыс етілді. 

 

(«Жүрек қылын шертеді...» атты ақын Амангелді Шахиннің жыр кешінен)

2015 жылдың 12 ақпан күні  сағат 17:00-де «Қазақ драма театрында»  ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахиннің  «Жүрек қылын шертеді...» атты жыр кеші өтті. Жыр кешін тамашалауға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Л.А. Нагимова, Г.Н. Тасқалиева 1б КШК, 2б КШК, 3б КШК тобының студенттерін апарды.  Ақынның шығармашылығы бойынша жастық шақ, махаббат, туған жер тақырыбында «Қызғалдақ», «Гүл», «Махаббат оты», «Ақ жаңбыр», «Ақ пен қара», «Дүбілісті дүние» секілді өлеңдері оқылды. «Орал», «Ақжайық», «Іздедім қалқам», «Атырау-Жайық» әндері көпшілік көңілінен шығып, ерекше тебіреніс сыйлады. «Сол бір сүргін» шығармасының желісі бойынша театрландырылған көрініс қазақ халқын қорғау үшін өз өмірлерін қиған ерлерді бір сәт еске алды. 

 

(Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың поэзия кеші)

12.02 күні 2б КШК тобының ұйымдастыруымен Ақиық ақын   Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты поэзия  кешіне қатысты. Кешті 2б КШК топ студенті   Каки Орынбасар ақынның  «Бүгін менің туған күнім...» атты өлеңімен ашты, Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетінде қомақты мұра болып енді. Шараға 1б КШК,2б СП,2б КИНФ тобының студенттері қатысып, 1б КШК тобының студенті Әлібекова Дана ақынның  «Шеше, сен бақыттысың...» атты өлеңін оқыды, сонымен қатар Мұқағалидің көптеген өлеңдері оқылып, әндері орындалды.

FaLang translation system by Faboba