Колледж жаңалықтары

22 қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Н. Тасқалиева облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Алаш жырының Ақ шағаласы» атты кәсіптік және орта арнайы білім беретін ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында атты байқауда жүлделі І орынды иемденді. Бағалы сыйлықтар, планшет сыйлады.  Байқауға әділқазы мүшелерінің төрағасы болып М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ң педагогика, психология факультетінің деканы А.С. Қыдыршаев төрелік етті. Әділқазы мүшелері: «Жайық ұстазы» газетінің редакторы А. Таубаева, облыстық Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптарының көркемдік жетекшісі- Е. Нұрымбетов, ономастикалық жұмыс және көрнекті ақпаратты бақылау бөлімінің бас маманы - Г.Ж. Әлжанова, «Орал өңірі» газетінің тілшісі А.М. Жұмаева,  облыстық білім бөлімінен М.М. Сапарғалиев, облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы- Г.М. Аргенова.  Байқау ІІ кезеңнен құралды. І кезең  бойынша алдын-ала эссе жазылып, іріктеуге өткен болатын. Байқаудың ІІ кезеңі Орал газ, мұнай және салалық технологиялары колледжінде  өтті. Жалпы 10 үміткер қатысты. ІІ кезеңнің 1 туры ұяшық таңдап жасырынған өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу. Таңдау бойынша ақынның  «Оралдым, саған Оралым» өлеңі түсті.2 тур бойынша ақын сөзіне жазылған әнді орындау, бұл тапсырма бойынша И. Жақановтың әніне жазылған «Оралдың ерке самалы» әнін орындады.  

       

01.10 күні А.Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты студенттер арасында ұыймдастырып,ақынның оқулары байқауын өткізді. Мақсаты: Студенттерді  А.Бақтыгерееваның өмір жолымен, шығармашылығымен, өлеңдерімен таныстыру отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу, студенттің сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық талғамы бар студентті дайындау.

Байқау 3 кезеңнен болды. «Мен ақынды білемін», «Алтын қақпа», «Ақынға арнау».

1 орын 2в КШК тобының студенті Сырымов Меңдібек, 2 орын 1б КШК тобының студенті Әлібекова Дана, 3 орын  Муханова Назерке – 2б КШК тобының студенттері иеленіп, марапатталды.

«Ақжайықтың ақ шағаласы» байқауы

 

 2014 жылы 25 қыркүйек айы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырумен І, 2 курс арасында «Тіл білгірі» байқауы өтті. Байқауға 4 топ бес студенттерден қатысты: «Достар», « Ана тілі», «Жас қыран» және «Бәйтерек» топтары ат салысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Жас қыран» тобы – 1орын, «Бәйтерек» тобы- 2 орын, «Ана тілі»- 3 орын жүлдегері болды. Шараның мақсаты: студенттердің  өткен тақырыптар  бойынша  алған  білімдерін пысықтап,  ой-өрісін,  білім  деңгейін кеңейту;түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  студенттердің тіл  байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру;студенттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. 

22 қыркүйек күні – Халықтар тілдері күніне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары М.С.Нурмукашева мен Н.Қ.Султанова ұйымдастырумен «Ұлттар достығы» фестивалін өткізді. 3бПД мен 3бРШИ тобы қазақ, татар, орыс,өзбек,украин ұлттар киімдерін киіп, сол ұлттар тілінде қонақтарды құттықтады. Шараның мақсаты: ана тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

«Ұлттар достығы» фестивалінен  көрініс

 

FaLang translation system by Faboba