Колледж жаңалықтары

2016 жылдың 5 – 7 қазан күндері «Евразия» туристік – сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық ІХ «Батыс – Азимут» спорттық бағдарлау жарысында «Түнгі бағдарлау» қашықтығы бойынша 3кб КШФ тобының студенті Сағыналин Ерлан 1 орынды жеңіп алды, жетекшісі туризм пәнінің оқытушысы А.Ғ.Шапанов.

2016 жылдың 3 – 10 қазан күдері аралығында Теміртау қаласында ерлер арасында өткен пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2б РШФ тобының студенті Джалмурзиев Райымбек 59 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып жарыс қорытындысы бойынша Спорт Шебері нормативін орындады.

2016 жылдың 1 – 10 қазан күндері аралығында Болгария мемлекеті Благоевград қаласында қыздар арасында  армрестлингтен (қол күресі) өткен әлем чемпионатында колледжіміздің 4б КШФ тобының студенті Каупенова Кенжеқыз 65 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

17 қыркүйек күні Атоян атындағы орталық стадионда Орал гуманитарлық - техникалық  колледж  оқытушылары мен 1 - 4 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде  «Мәңгілік ел ертеңі – дені сау ұрпақ» ұранымен "Денсаулық фестивалі - 2016" спорттық мәдени шарасы оздырылды.

FaLang translation system by Faboba