Колледж жаңалықтары

26 қыркүйек 2017 жылы Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-татулық тірегі» атты байқау өтті. Колледж атынан байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің  1 курс студенті Тащанова Екатерина Павловна қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Студент жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Косбаева Күнзия Қабидоллақызы.

23 қыркүйек күні КазИИТУ базасында ел президентінің «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында «Қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбымен пікірсайыс оздырылып, оған Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері белсенді қатысты. Пікір сайысты «Шабыт» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Колледж студенттерінің барлығы да алғыс хатпен марапатталды.

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының  халықтарының  тілдер мерекесі  күні № 4 аудиторияда  «Туған жерің түп қазығың, айбының» атты әдеби  танымдық сайыс 1бКШК, 1бКШО, 1бКДО, 1бКШФ, 1бКШМ топ студенттерінің арасында   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау, студенттерді еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу,ана тілі арқылы студенттердің рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында оздырды.

Жылдағы үрдіске сай колледжде жаңа оқу жылы басында  оздырылатын тіл айлығы  2017 жылдың 5-қыркүйегінде «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты тақырыппен ашылып, өз жалғасын табуда. Айлықты ұйымдастырушы қазақ, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы. 

FaLang translation system by Faboba