Колледж жаңалықтары

27-сәуір. 2021жыл. №19 ЖОББ мектептің 9-11 сынып оқушыларына музыка пәні оқытушысы Идрисова Алма Рахатовна кәсіптік бағдар бойынша кездесу өткізді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Шотованың жасақтаған кестесіне сәйкес қазақ, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына №19, 43, 45 ЖОББМ мен №27 мектеп-лицейіне кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу міндеттелді. 

19 сәуір күні жаратылыстану, қоғамдық пәндер және музыка кафедрасының оқытушылары Утегенова Н.А. Идрисова А.Р. БҚО, Теректі ауданы Подстепное ауылындағы Подстепное ЖОББМ және №1 ЖОББМ мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Колледж студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дайындаған кезекті «Әйтеке би: Парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады.

«Өмірімнің бақытты сәттері» тақырыбында 1 курс студенттерімен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында кездесу өтті. Пікір алмасу ретінде өткен кездесуді колледждің педагог-психологы Конарова Бекзат Бактыгалиевна ұйымдастырды.

FaLang translation system by Faboba