18 ақпан күні колледждің 1 курс студенттерімен Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қанатович Сүндетовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде тақырыпқа байланысты Б.К.Сүндетов кәмелет жасына толмағандарға қатысты құқықтық ережелерді қатаң сақтану керектігі, егерде құқық бұзушылық орын алған жағдайда студенттің ата-анасы немесе асыраушысы жауап беретіні туралы түсіндірілді. Оның ішінде атап айтатын болсақ 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы 22-ден таңғы 6-ға–дейін жүруге болмайтыны. 434-бап. Ұсақ бұзақылық1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындайәрекеттербес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатыны, сонымен қатар себепсіз сабақ қалдыру, сабаққа кешіккені үшін жауап беретіні ескертілді. Студенттер өздерінің сауалдарын қойды. Б.Қ Сүндетов мысал келтіріп түсіндірді. Кездесуден студенттер өздеріне жаңа білім алғандарын айтып, алдағы уақытта басқа да тақырыптар аясында ұйымдастыуды ұсынды.

FaLang translation system by Faboba