Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің  0108013  «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдардағы музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша  1 курс студенті Амангелді Нұртілеу Маратұлы, 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 2 курс студенті Рамильева Аида Мурзаболатқызы, 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті Темірғали Нұрай Абзалқызы  Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуын атап өту аймағында,  өткен Республикалық конкурсқа қатысып жүлделі 1 орын алды.  

Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Сайыста ақынның  «Күз» өлеңін Рамильева Аида жатқа мәнерлеп оқыса, «Көзімнің қарасы» өлеңін Амангелді Нұртілеу жанды дауыста орындап, Темірғали Нұрай «Көзімнің қарасы» өлеңін орындап,  бейне ролик әзірлеп жіберді. Студенттердің жетістіктері құтты болсын. 

 

 

FaLang translation system by Faboba