2020-2021 оқу жылының 1-ші қыркүйек күні сағат 9:00 ZOOM бағдарламасында «Конституция біздің болашағымыз» тақырыбында салтанатты жиын оздырылды. Жиынға колледждің атқарушы директоры экономика ғылымдарының кандидаты Утарбаева Ляззат Жетебаевна, республика көлеміне танымал ғалым-әдіскер, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылым Академиясының академигі, колледжіміздің құрылтайшысы Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина, колледж ұжымы, 1-4 курс студенттері, ата аналар, барлығы 117 қатысушы қатысты.

Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай жүргізіп қатысушыларды білім күнімен құттықтады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылының қашықтан оқу түрінде өтетіні туралы айтылды, 1 курс студенттеріне колледж туралы мәлімет берілді. Жиын басында коллдедждің атқарушы директорына құттықтау сөз беріліп, Утарбаева Ляззат Жетебаевна өз сөзінде оқытушыларды, ата-аналарды, студенттерді құттықтап, білім күні мұғалімдер мен ата-аналар және студенттер үшін жарқын қуанышты мереке екенін атап, тілегін білдірді. Сонымен қатар, елдегі төтенше жағдайдың әсерінен оқу–тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы да үлкен еңбекті талап ететінін ескертіп, педагогикалық ұжымды жауапкершілікпен жұмыстануға шақырды. Жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен, оқу–тәрбие бағдарламасын таныстырды.

Колледжі құрылтайшысы, п.ғ.д., профессор Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина сөз алып, педагогикалық ұжымды, студенттерді, ата-аналарды құттықтап, мұғалім мамандығын таңдаған әр- студенттің дұрыс таңдау жасауына ықпал еткен ата-аналарына өзінің алғысын білдірді.

ДТІЖО А.Ж.Отарбай 2020-2021 оқу жылына қабылданған топтарды жетекшілерімен таныстырды: 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 1аКШР тобының жетекшісі А.Б.Джамбаева, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша 1аРДО А.Т.Мажитова, «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарының музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша А.Р.Идрисова.

Жиын барысында Конституцияның 25 жылдығымен тұспа тұс келген Конституция күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екені айтылып, Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз екені түсіндірілді. Салтанатты жиынның екінші бөлімі әр топта топ жетекшілерімен бірге «Конституция біздің болашағымыз» тақырыбында алғашқы білім сабағымен жалғасты.

 

FaLang translation system by Faboba