7 ақпан күні музыка кафедрасының оқытушылары А.Р.Идрисова, С.Ұ.Шналиевтердің ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында «Сезімімді әнмен жырлаймын» атты ән байқауы ұйымдастырылды.Шара 4бКШМ тобының студенттері және топ жетекшісі А.Р.Идрисованың орындауындағы Ш.Қалдаяқовтың әндерінен попурримен ашылды. Колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева сөз алып, ән байқауының маңызын түсіндіріп өтті. Байқауға 1-3 курс студенттерінің ішінен 12 студент қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әділ қазы алқасының шешімімен 1- орын 1аКШК топ студенті Таханова Ақжүніске, 2-орын 4бКШИ топ студенті Тукенова Венераға, 3-орын 1аКШК топ студенті Жамбылова Нұрбақытқа бұйырды. Кеш соңында «Айналайын» әні орындалып, көтеріңкі көңіл күймен шара өз мәресіне жетті.

FaLang translation system by Faboba