Ағылшын тілі кафедрасы оқытушылары А.А.Исмагулова, А.Н.Камаладдинова, А.Н.Джаксымбетовалардың ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттерін тарта отырып, «The Snowwhite and seven drawwers» театрланған қойылымы қойылды. Қойылым мақсаты: білім алушылардың өмірлік ұстанымдарын шығармашылық әрекеттер арқылы жүзеге асыру іскерлігін мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілдік қасиеттері негізінде дамыту.

Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жастарға өнеге ете отырып айналасындағы адамдарды, табиғатты, ата- анасын, достарын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу. Ертегідегі ең негізгі ой орасан зор зұлмат күшке қарамастан мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің міндетті түрде жеңіп шығатынын көрсету. Студенттер өз рольдерін шынайы орындап, ертегідегі ойды көрермендерге жеткізе білді. Қойылымнан соң көрермендер жалпықұндылықтар туралы өз ойларымен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba