26.11. күні Орал гуманитарлық – техникалық колледжі жанынан құрылған «Ажар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатігездіктің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді. Шараға тұрмыстық зорлық-зомбылық дағдарыс орталығының директоры Т.О.Жүніс және облыстық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ш.Д.Қапаева жастар арасында құқықбұзушылық бір-біріне үстемдік ету, отбасындағы адамдардың жағымсыз қатынастардың бала тәрбиесіне тигізетін әсері туралы, отбасы күйзеліске ұшыраған жағдайда көмекке жүгіну туралы пайдалы ақыл-кеңестер беріп, дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен пайдалы жадынамалар таратылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің №137-бабына сәйкес, қағидада балалардың бағып-қағу міндеттерін орындамаған ата-ана әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ережелермен танысты. Жиын соңында колледж құрылтайшысы, п.ғ.д., академик, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Ш.Х.Құрманалина Қазақтың тарихында киелі отбасының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдарды келтірді. Сонымен қатар, қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешiсi, жанұяның ұйытқысы деп түсiнген халқымыз оның еңбек сүйгiш өнерлi болып өсуiмен қатар қыз баланың көрiктi болып өсуiне де ерекше көңiл бөлгендігін атап, мәдениетті ұрпақтың өсіп-өркендеуі ең бірінші ата-ананың парызы екенін насихаттады.

FaLang translation system by Faboba