06.11. күні «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдағы құқықбұзушылыққа төзбеушілік және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жастар бақылауы» жобасы құрылды.Басты мақсат - студенттердің әдеп нормаларын сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдық жай-күйін мониторингтеу. Осыған орай, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 3-4 курс студенттеріне сыбайлас жемқорлық көріністері және құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша анонимді сауалнама өткізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің жауаптары «ия-32, жоқ-65» деген нәтиже көрсетті. Сауалнама «Оқытушылар тарапынан студенттерден ақша талап ету жәйттары жиі кездесе ме?», «Сыбайлас жемқорлық қандай жағдайларда жиі кездеседі?», «Пара берушіде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білесіз бе?», «В каких случаях чаще всего встречается коррупция?», «Приходилось ли Вам лично давать взятку преподавателям?», «Знаете ли Вы, что дача взятки согласно Уголовному Кодексу является уголовно наказуемым?» секілді сұрақтардан құрылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Елбасымыздың жыл сайынғы әр жолдауында айтылатын негізгі басымдықтың бірі. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі жолдау жүктейтін негізгі міндіт. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba