29 қыркүйек  күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубының белсенді студенттері «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Курумбаев Айболат Шамұратұлының ұйымдастыруымен«Жайық Пресс» орталығында «Жеңіс» жобасы аясында қайырымдылық акциясы оздырылды. «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» деген ниетпен 2аКШИ топ студенті Аралбай Самал, 2а КШФ топ студенті Ескалиев Рүстем, 3б КШК топ студенті Канаева Балнұр, 3б КШК топ студенті Наурызбаева Аяжан, 1а КШК топ студенті Рамильева Аида, 1а КШК топ студенті Сейтбаев Темірлан сияқты белсенді студенттеріміз  зейнет жасындағы қарияларға қайырымдылық көмек көрсетті. Шара соңында әр зейнет жасындағы қария қол ұшын созып көмек көрсеткен белсенділерге «жүректеріңдегі мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық жасаған  әр баланың жүрегіне қуаныш үйілсін» деген ниетпен ақ жарма тілектерін білдірді. Ел еңсесін биіктеткен осындай мерейлі істер жаңа көк жиектерге бастай берері хақ. 

FaLang translation system by Faboba