27 қыркүйек күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жанында «Дарынды жастар – болашақтың кепілі» атты колледж студенттік комитет төрағалығына, өзін-өзі басқару ұйымдары «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі, «Достық» еріктілер клубы белсенді студенттеріне төс белгі тағу рәсімі оздырылды. Колледж студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағасы сайлау бойынша ең жоғары балл жинаған «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығында білім алатын 2а КШФ топ студенті, «Достық» еріктілер клубының белсендісі Нұғыманов Алмат тағайындалды. Сонымен бірге, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары төрағасының орынбасары ретінде 2а КШФ топ студенті, «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесінің белсендісі Екалиев Рүстем тағайындалды. Салтанатты жиынға қонақ ретінде өңіріміздің белсенді тұлғаларының бірі Ерлік Мерекеұлы Шамғалиев «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшесінің төрайымы, 3бКШК топ студенті Канаева Балнұрға және «Достық» еріктілер клубының төрайымы, 2аКШФ топ студенті Тоқтасынова Эльвираға төс белгі тағу рәсімін орындады. Салтанатты жиында «ОГТК талантты жастарынан» құралған жайдарманшыларымыз барлық жиналған қауымға керемет көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, 2а КШФ және 2а КШИ топ қыздарынан құралған «Нәзік» би тобы «Ұйғыр» биімен тәнті қылды. Салтанатты жиын соңы студенттік өзін-өзі басқару комитет ұйымдарынан бірлескен «Біз біргеміз!» атты флэш-мобымен аяқталды.

FaLang translation system by Faboba