07.09.2019 күні «Орал қаласы Қала күніне» орай Жұбан Молдағалиев атындағы саябағында қаламыздағы барлық колледж ұстаздары мен студенттері қатысқан «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталмыш шараға орай Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстаздар және студенттер ұжымы «Технология» мамандығының студенттері жасаған қолөнер ұйымдарын барша көрермен-халық тамашалады. Қала күніне орай оздырылған көрменің бір ерекшелігі — гүлдерден, жеміс-жидектерден жасалған заттар, суреттер қоймасы, қыз балаға арналған бұйымдар, былғары материалынан жасалған картиналар т.б. студент жастардың өз қолдарынан шыққан. «Қала күні» мерекесі «Променад» бағдарламасымен жалғасты. БҚО әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев көрме-жәрмеңкені тамашалап, барша қолөнер иелеріне алғысын, жылы лебізін білдірді.

FaLang translation system by Faboba