2019 жылы 25 мамырда колледжде студенттерді жазғы педагогикалық практикаға дайындау бойынша конференция өткізілді. Конференцияға қатысатын топтар: 3б КДО, 3 б РДО, 3 б КШО 3 б РШИ,РШО, 3 б КШК, 3а КШР, 3 б КШИ, 3 б КШФ, 3 б РШФ, 3б КШТ, 3б КШМ.

Жазғы педагогикалық машыққа дайындық конференциясы 5 кезең бойынша өткізілді:

1) көрме (жасақ газеті, машықкер портфолиясы, дидактикалық кұралдар, материалдар);

2) жасақты таныстыру (атауы, ұраны, әннің үзіндісі, эмблема);

3) лагерьде, балабақшада өткізетін шаралар (интелектуалдық ойын, театралдық көрініс, эстафета, т.б.);

4) жазғы лагерь және балабақшада орын алатын жағдаяттар;

5) «Студенттердің жазғы машыққа тілектері мен жаз мезгілінің белгісі» тренингі.

Жазғы педагогикалық машыққа дайындық конференциясының қорытындысы:

-3аКШР тобы ("Луч" отряды) - 1 орын;

-3бКШК тобы ("Жас толқын" отряды) - 2 орын;

-3бКДО тобы ("Түрлі - түсті қарындаштар" отряды) - 3 орын;

-3бКШИ тобы ("21 BOSS" отряды) - "Тапқыр отряд" номинациясы;

-3бКШМ тобы ( "Достық" отряды) - "Ұйымдастырылған отряд" номинациясы;

-3бКШО тобы ("RED START" тобы) - " Белсенді отряд».

FaLang translation system by Faboba