24 мамыр күні акт залында «Жыл оқытушысы – 2019» байқауы өтті. Бұл байқауда колледждің алты оқытушысы сыңға түсті. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді.

І кезең – «Компьютерлік тестілеу» - 23 мамыр күні байқауға қатысатын оқытушылар тестілеу сұрақтарына жауап берді. Тестілеу 40 сұрақтан тұрды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу - 15 сұрақ;

2) Педагогика және психология негіздері - 25 сұрақ; Тестілеудің жалпы уақыты 60 минут берілді.

ІІ кезең - 3 турдан құралған: 1 тур - «Әдістемелік портфолио»; 2 тур - «Шеберлік класс» - әр оқытушы студенттермен сабақтың үлгісін көрсетеді; 3 тур – «Өнерлі өрге жүзеді» -қатысушылар өз өнерлерімен бөліседі.

Әділқазы құрамында:

1. Ш.Х.Құрманалина – қазылар алқасының төрағасы, колледж құрылтайшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Академиясының, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі.

2. Л.Ж.Утарбаева - колледждің атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

3. Г.С.Шотова - колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

4. А.Ж.Мухсинова - колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

5. А.Р.Идрисова - музыка кафедрасының оқытушысы.

Байқау нәтижесі бойынша дене тәрбиесі пәні оқытушысы И.Е.Ибат «Көрермендер көзайымы», өзін-өзі тану пәні оқытушысы Ф.К.Иштаева «Креативті тұлға», ағылшын тілі пәні оқытушысы Б.М.Куспанова «Үздік портфолио» номинацияларымен марапатталса, 3 жүлделі орын педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Б.Б.Конарованың, 2 жүлделі орын химия, биология пәндерінің оқытушысы Д.Е.Мазгутованың, 1 жүлделі орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Л.А.Нагимованың қанжығасына байланды. 2019 жылдың «Жыл оқытушысы» ағылшын тілі пәні оқытушысы Куспанова Багтыгул Маратовна атанды.

FaLang translation system by Faboba