06.05.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі акт.залында 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты мерекелік шара оздырылды. Шараға қан майдан кезінде тылда жұмыс жасаған ардагер әже облыстық «Әжелер ару-ана» ансамбілінің жетекшісі Саржанова Клара Бақтығалиқызы қатысты. Жеңіс күніне арналған шарада шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға тағзым ете отырып еске алдық. Сонымен қатар, колледжіміздің студенттері Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевқа арналған майданның көрінісін сомдады. Шара арнайы соғыс жылдарындағы әндермен толықты.

FaLang translation system by Faboba