09.01 күні №46 ЖББОМ бастауыш сынып оқытушылары Ахатова Жансауле  Какимжановна, Баянгалиева  Самал Ибатоллақызы және  Балгабаева Жанаргүл Жеңісқызы әдістемелік  тәжірибе алмасу  сағаты өткізді.  Жаңартылған білім беру  бағдарламасы және  қысқа мерзімді жоспарлар құру туралы айтылды.  Әр сыныпқа арналған оқу бағдарламаларымен   таныстырып,  қысқа мерзімді жоспардың  міндеттерін ашып көрсетті.Сабақта қолданылатын   белсенді оқу әдістері туралы сөз болды.  Бастауыш сынып оқытушысы Балгабаева Жанаргүл Жеңісқызы 3 сынып  математика  сабағында  оқытудың бірнеше әдістерін  қолданды.  «Бинго», «Балмұздақ» ойындары арқылы білімдері тексеріліп, сабақ қорытындыланды. Оқушылардың қызығушылығын мен белсенділігін арттыру  мақсатында ойын элементтеріне баса назар аудару қажеттігі туралы айтылды.  

  

Ахатова Жансауле Какимжановна көркем еңбек пәнінен сабақ көрсетті. Сабақты практика жүзінде  ұйымдастырып, галерея әдісі  арқылы  оқытушыларды  топтарға бөлді.  Әр топқа тұрлі тапсырмалар берді. Топтар бірін-бірі бағалап, «Бағдаршам» ойыны арқылы  топтар бірін-бірі бағалады. Рефлексия жүргізіліп, сабақ қорытыланды. Сабақ өте қызықты, тартымды өтті. 

  

Баянғалиева Самал Ибатоллақызы қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелері» тақырыбында оқытудың белсенді формаларын қолдануға баса назар аударды. Топтық жұмыстар арқылы  түрлі тапрсырмалар берілді. Оқытушылар өзара тәжірибе алмасып,  өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл  шара әр оқытушыға өзіне мол әдістемелік кеңестер алуына зор септігін тигізді. 

 

FaLang translation system by Faboba