4 қазан күні  мұғалімдер күні қарсанында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 2б КДО және 3б КДО топ студенттері  колледж  оқытушыларын  құттықтауға арналған  мерекекелік  шарасын ұйымдастырды.  Шараға колледж оқытушыларына шақыру билеттері үлестірілді. Шара барысында студенттер оқытушыларына арналған өлең жолдарын оқыды, тлектерін сурет арқылы жеткізді, дайындаған презентация мен видеороликтерін көрсетті және хормен «Ұстазым» деген өлеңін айтты.

 

Мереке аяғында қатысқан оқытушылар болашақ тәрбиешілерге өздерінің шын жүректен тілектерін білдірді.

 

 

FaLang translation system by Faboba