03.10.18. күні 2в КШИ, 3б КШИ топтары «1 - қазан қариялар күні» мейрамына орай қаладағы жалғыз тұратын еңбек ардагерлері Евгения Михайловна және Надежда Федоровнаның үйлеріне барып, материалдық көмек жасады. Үйлерін жинап, шарбақтарын жинастырып, қоқыстарын лақтырып берді. Әжелер студенттерге риза болып, өздерінің батасын берді. 

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, қазіргі заман ұл мен қыз тәрбиесіне ерекшк мән беруді қажет етеді. Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті,әдепті бағалай білген. Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала, қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал,жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет,батыл,адал жеріне туған халқына ыстық ықыласты,үлкенге де,кішіге де қамқор бола білген. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануымыз қажет.

Музыка кафедрасының оқытушысы А.Р.Идрисова «Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту» атты балабақша тәрбиешілеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік  семинарына қатысып, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрымен ұйымдасқан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптық кинолектория өтті. Студенттер Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Орал қаласының құрметті азаматы Х.А.Сафин және мәдениет саласының еңбек және мәдениет қайраткері Ф.А.Баюканскиймен кездесіп, «Асыл әже» вокалдық тобының әзірлеуімен ұлттық салт-дәстүрден көрініс  тамашаланды.

10-14 мамыр аралығында Қырғыстан Республикасының Бішкек қаласында тоғызқұмалақтан  өткен  Азия кубогінде «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің 4 курс студенті Сағынбаев Жарасқан жүлделі ІІІ орынмен оралды. 

Колледжде қалыптасқан дәстүр бойынша студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында колледжде әр аптаның дүйсенбі күні барлық топтарда 1 ауысымда сағат 8.15-те  Әнұран орындалды. 

11 мамырда БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар-колледжінің тұтастай педагогикалық үрдісінің негізі» атты семинары өтті. Семинар мақсаты-жалпыадамзаттық құндылықтар-рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

7-10 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен «Жеті Өнер» ІІ Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Н.М.Нурушева жетекшілік ететін  «Seven stars» вокалдық ансамблі  БАС ЖҮЛДЕНІ, оқытушы С.У.Шналиев жетекшілік ететін «Жайық толқыны» фольклорлық ансамблі жүлделі І орынды иеленді. Сағат Ұзакбайұлы, Нұргүл Мұратқызы, Сіздерге үлкен шығармашылық табыс тілейміз!

 

9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты тәрбиелік шара өтті. 

5 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты сайыс ұйымдастырылды. Студенттердің бойында адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып,  шыдмдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

FaLang translation system by Faboba