College news

07.02. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан жастар қанаты» бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубының белсенді студенттері бірлесіп «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» акциясын қолдап, суық күні көшеде жұмыс жасап жатқан жұмысшыларға өз қалауларымен ыстық шәй мен бәліш таратып, сауапты істің ұйтқысы болды. 

7 ақпан күні музыка кафедрасының оқытушылары А.Р.Идрисова, С.Ұ.Шналиевтердің ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында «Сезімімді әнмен жырлаймын» атты ән байқауы ұйымдастырылды.

5 ақпан күні 2бРШИ, 2РШФ топтарында «Өзін- өзі тану» пәні оқытушысы Д.Е.Мазгутова «Золотое сердце Сары Алпысовны» тақырыптық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерді Сара Алпысқызының өмір жолымен, қоғамдық қызметімен таныстыру.

4 ақпан күні колледж кітапханашысы А.Қ. Көпболсынова және өзін-өзі тану оқытушылары Ф.К.Иштаева, Д.Е.Мазгутовалардың ұйымдастыруымен «Өзін- өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева қызметіне арналған, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог гуманистердің шығармаларының көрмесі өтті, оған 1-3 студенттері зор ықласпен қатысты.

FaLang translation system by Faboba