College news

11-ақпан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Н.А.Утегенованың ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» әлеуметтік жоба қорғау сайысы өткізілді. Бағыты: әлеуметтік жоба қорғау.

 

11 ақпан күні Б.М.Куспанованың ұйымдастырумен 1аКШФ тобында «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

10 ақпан күні «Өзін-өзі тану»: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары бойынша Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жас Отан жастар қанаты» бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубының белсенді студенттерімен «Қайырымдылық-жер бетінде!» атты флешмоб өткізілді. Мақсаты- өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету, бақытқа қол жеткізе алатынына сенімтуғызу, өмірге құштарлықтарын арттыра отырып, қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

09 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан жастар қанаты» бастауыш бөлімшесінің белсенді студенттері қалалық Жұбан Молдағалиев атындағы кітапханада оздырылған ақиық ақын, Хантәңірдің Мұзбалағы атанып кеткен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Жыр жауһары Мұқағали» атты әдеби кешке қатысты. Кештің мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

FaLang translation system by Faboba