College news

2015 жыл 10 желтоқсан  күні Қазақ хандығының 550 жылдығы және  Алаш күніне арналған «Алаш тағдыры – ел тағдыры» атты жоғары және арнайы орта оқу орындары арасында студенттер байқауы оздырылды. Байқауды «Ақжол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Педагогика, психология кафедрасы  айлығы шеңберінде оқытушы Ж.С.Бексариева  4 желтоқсан  күні  «Педагог тәрбиеші портреті» атты «жас тәрбиеші»  үйірмесі  отырысын өткізді. Шараға колледжі психологы  С.К.Бекетаева, жастар ісі маманы Т.С.Сарсенгалиевалар қатысты. 

2015ж қараша  айының 28 жұлдызында 1 желтоқсан - Елбасы күніне арналған  М.Горкий атындағы кітапханада «Елбасымыз– Нұрсұлтан ата» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.Шараға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттері және өзің-өзі басқару кеңесінің мүшелері белсене қатысты. Іс-шарада Елбасының өмірі мен шығармалары әңгімеленіп, Елбасының  қанатты сөздері оқылды. 

28 қараша күні «НұрОтан» ХДП отырысында колледждің оқу озаттары мен белсенді студенттері Жас Отан партиясының мүшелігіне қабылданды. Мүшелікке Бағытжан Ұ, Халықбергенова Л, Қадырболатов А, Асылбек А, Кенжегелиева А, Нуптығалиева А өтіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындарын айтты.

FaLang translation system by Faboba