College news

2015ж қараша  айының 28 жұлдызында 1 желтоқсан - Елбасы күніне арналған  М.Горкий атындағы кітапханада «Елбасымыз– Нұрсұлтан ата» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.Шараға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттері және өзің-өзі басқару кеңесінің мүшелері белсене қатысты. Іс-шарада Елбасының өмірі мен шығармалары әңгімеленіп, Елбасының  қанатты сөздері оқылды. 

28 қараша күні «НұрОтан» ХДП отырысында колледждің оқу озаттары мен белсенді студенттері Жас Отан партиясының мүшелігіне қабылданды. Мүшелікке Бағытжан Ұ, Халықбергенова Л, Қадырболатов А, Асылбек А, Кенжегелиева А, Нуптығалиева А өтіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындарын айтты.

2015 ж 24 қараша күні Жастар ресурстық  орталығынан жас  мамандар келіп І курс арасында «Жасанды түсіктен  алдын алу және қыз бала денсаулығы» тақырыбында  қыз балаларға үлкен тәрбиелік мәні  бар  кездесу өткізді.

Қараша айының 4 жұлдызында М. Горкий кітапханасында Елбасының 2016 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жолдауды талдауға  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің І-ІІкурс студенттері қатысты. Студенттер Елбасының қөптеген  еңбектерімен танысты.Өз ойларын, пікірлерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba