College news

30 қазан күні колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3,4 курс студенттеріне арналған «Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің мәселелері» – әдістемелік нұсқаулық семинар ұйымдастырылды. Семинарды «педагогика, психология» кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Т.У.Маденова өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жаңалықтарымен таныстыру мақсатында №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі, 2017-2018 оқу жылының түлегі Маусымжан Жұмабайқызы Иманбаева, Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталық ІІ санатты  тәрбиешісі Ұлжан Серікқалиқызы Қуантаева, қатысып, таныстырды. 

Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы жанындағы «Мирас» клубы Қ.Р. Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауына талдау бағытында  шара өткізді. Шараға «Мирас» клубының мүшелері және кафедра оқытушылары қатысты. Шара барысында студенттерге жолдаудың басым бағыттары туралы ақпараттармен таныстырылды. Елбасының жолдауы  мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған.

2018 жылдың 19 қазан  күні «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Т.У. Маденова 4бКДО және 4бРДО  тобында  «Бейнелеу өнері негізі мен оқыту әдістемесі» пәнінен «Ересектер тобындағы жапсырмалау» тақырыбында АКТ-ны қолданып сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы дамыта оқыту технологияны пайдаланып, балабақшадағы ересек балалар тобындағы аппликация ерекшелігін, оның түрлері және оқыту әдістемесі туралы түсінік берді.

16.10.2018ж күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2курс студенттерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөлімінің жпқ жопт упи полиция аға лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевич және Ахметов Асылбек Нурлановичпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. 

FaLang translation system by Faboba