College news

On September 25 ,the competition " Language Experts " organized by Kazakh staff  took place. Purpose of out-of-class action: to determine the level of knowledge of a state language, to impart love to language, the native land, national creativity. Competition consisted of 5 rounds. As a result of fascinating, informative and hazardous fight the Zhas kyran team – 2bRShF and 2bRShO won, II  "Bayterek" – 2bRDO, III - "Kazakh tili" 1bRShO, IV "Dostar" – 1bRShF, RShI.

22 қыркүйек күні – Халықтар тілдері күніне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары М.С.Нурмукашева мен Н.Қ.Султанова ұйымдастырумен «Ұлттар достығы» фестивалін өткізді. 3бПД мен 3бРШИ тобы қазақ, татар, орыс,өзбек,украин ұлттар киімдерін киіп, сол ұлттар тілінде қонақтарды құттықтады. Шараның мақсаты: ана тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

«Ұлттар достығы» фестивалінен  көрініс

 

16.09.2014ж оқытушы А.Т. Зайнуллина  І, ІІ, ІІІ курс КДО, КШО топтары арасында тіл айлығы шеңберінде  «Драма» үйірмесінің «Ертегілер елінде...»  әдеби байқауын өткізді. Шараның мақсаты: дарынды студенттерді іздестіру, олардың актерлік қабілеттерін дамыту.  Байқауға алты топ қатысты. І бөлім ертегілерден сахналық көрініс көрсету, ІІ бөлім сұрақтарға жауап беру, ІІІ бөлімде қатысушылардың шапшаңдығы мен тапқырлығы сынға түсті. Берілген уақыт ішінде  белгілі бір тақырыпқа ойдан ертегі құрастырды. Топтар жақсы дайындалып, белсенділіктерін, білімдерін көрсетті.   Байқау қорытындысы бойынша І орын 1б КШО тобы, ІІ орын 3б КШО тобы, ІІІ орынды 2в, 2г КДО топтары иеленді.

 

2014 жылы 3 қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Ана тілім  – арманымның ақ шыңы»   тақырыбындағы  айлығының ашылу рәсімін өткізді. Н.Қ. Султанова- қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі айлық басталуымен    студенттер мен оқытушыларды құттықтап, негізгі шараларға шолу жасап, пән айлыққа белсенді қатысуға шақырды. 1бКШК, 2бКШК тобының студенттері қазақ тілі туралы әдемі өлеңдермен рәсімін жалғастырды.

 «Ана тілім  – арманымның ақ шыңы» айлық   шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Н. Нагимова 1б КШК тобымен бірге Х. Есенжанов атындағы кітапханасында елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың жолдауында  «Бір халық, бір мүдде, бір болашақ-2050 стратегиясы» туралы,   «Алтын заңым- ерлігімнің, елдігімнің нышаны» тақырыбында тәрбие сағаттарына қатысты.

 05.09 күні Елбасымыз Н.Ә  Назарбаев айтқандай « Үйдің берекесі  қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді»  деген екен.  Сондай-ақ  елбасымыз  жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде,  ана мен баланы қорғауды жариялады, тағы бір сөзінде « Сендер- отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер»  деп айта кеткендей  7 қыркүйек аналар күні  және отбасы күні ретінде шешім қабылданды, соған орай колледжімізде айлық аясында     « Анамыз бар мейірлі» атты тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді.

Кеш жүргізушілері: Қуандықов Ербол ,                       Кеш өнерпаздары

                               Ахмедиярова  Балқия 

  

 Ұстаз-аналар мерекені тамашалауда

FaLang translation system by Faboba