College news

04.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жылдағы дәстүрге сай қазан айының бірінші аптасында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта ұлы мейрамдардың бірі ұстаздар күніне арналған колледжішілік мерекелік шара оздырылды. Шара әр түрлі бағыттарда өрбіді. Ең алдымен, колледж құрылтайшысы, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Х.Құрманалинаны және колледж атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Ж.Утарбаеваны колледж дәлізінен «Музыкалық білім беру» мамандығының 3б КШМ, 4б КШМ топ студенттерінің «Ұстазым» атты әндерді ансамбль ретінде орындау арқылы қарсылап алды.

04.10 күні 3бКШИ тобымен «Жас психолог» үйірмесінің отырысы өтті. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. «Мені қоршаған орта» тақырыбында тренинг-ойындар жүргізілді. «Жас психолог» үйірмесінің отырысы амандасу тренингімен басталды. 

03.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері, «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі, «Достық» еріктілер клубының белсенді жастары бірлесіп «Бастау» коворкинг орталығында «Жеке тұлғаның өсу векторы» атты семинар-тренингке қатысты. Шараның мақсаты: қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуында. Студенттермен арнайы ұйымдастырылған тренингтер топқа бөліну арқылы жүзеге асты.

02.10.2019ж күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» тақырыбындағы айлықтың ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Психология ғылымының маңыздылығын насихаттау, студенттердің, ұстаздардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту. Апталық «Өзіңе ең маңыздысын таңда» деген психологиялық акциямен басталды. 

FaLang translation system by Faboba