30 қыркүйек күні колледж психологы Б.Б.Конарова «1 курс студенттерінің колледжге бейімделуі» атты 1курс 1аКШМ, 1аКШР, 1аРДО топтарымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: Жасөспірімдерді физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуын ескере отырып, жасөспірімнің бойына қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, колледждің ішкі тәртібіне үйрету, оқуға қажетті білім, білік және дағдыны қалыптастыру.1-ші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделулерін, қалыптасу деңгейі анықталып, студенттердің жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді.

“Кел, танысайық!”, “Колледжде оқу дегеніміз не?”, “Біз және біздің топ” атты тренингтер мен сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша студенттердің бейімделу деңгейлері, орташа деңгейді көрсетті.

Студенттерге дін және оның теріс бағыттары жөнінде ақпарат беріліп, ми жарты шарының ассиметриясына жаттығулар жасап, студенттер өздеріне қызықты ақпарат алды. Студенттер өздерінің алған әсерімен бөлісіп, колледжге келіп білім алғысы келетіндерін жасырмады.

 

 

Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен:

1) кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер;

2) кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық;

3) мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға алынуын педагогтардың талап етуі;

4) жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде,

5) соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.

FaLang translation system by Faboba