Колледж жаңалықтары

15 желтоқсан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжде «Тимбилдинг - сплоченный и дружный коллектив» тақырыбында шара өтті. Шараны колледж оқытушыларымен «Педагогика, психология» және «Ағылшын тілі» кафедралары бірігіп ұйымдастырған. Бұл шараның негізгі мақсаты – ұжымның бірлік, ұйымдастырушылық, топта жұмыс жасай білу қасиеттерін қалыптастыру.  Шара қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтті. Шара басында қатысушыларға «тимбилдинг» ұғымы туралы қысқаша ақпарат берілген.

14.12.18. 3бКШИ, 2вКШИ топтары Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету, еліміздің тарихын білу. Тәрбие сағатында Қазақстан, Тәуелсіздік туралы үш тілде тақпақтар оқылып, әндер айтылды. Сонымен қатар сонау 1986 жылдың 16 желтоқсанында болған оқиғаның құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың сот залындағы сәтінен көрініс көрсетілді

 Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-алақанымызға қонған тәуелсіздік күні де келді. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз ұранымен 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3 курс студенттері 14 желтоқсан күні мерекелік шара ұйымдастырды. Шара барысында мемлекетіміздің әнұраны, патриоттық әндер орындалды, тәуелсіздік алу жолында күрескен батырлар туралы да сөз болды. 

13.12.18 күні Ұлы дала елінің Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесі қарсаңында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Тәңірдің тәтті сыйы - тәуелсіздік» атты 3-4 курс студенттерімен бірлесе отырып шара оздырылды. Шараның мақсаты студенттерге бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, студенттерге патриоттық тәрбие беру.   

Колледж кітапханашысы 07 желтоқсан күні  4б КШО тобымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізді. Онда жемқорлыққа байланысты шағын ақпараттармен бейне- баяндар көрсетілді. Қатысушыларға кітапханашы тарапынан жемқорлыққа байланысты арнайы сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға студенттер емін-еркін жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Шара сонында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тоқсан ауыз сөздің түйіні толықтай түйілді.     

07.12.18 күні Орал гуманитарлық-техниалық колледжінде «9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай Батыс Қазақстан облысындағы айлықтың іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты  дөңгелек үстел оздырылды. 

FaLang translation system by Faboba